✅ 6. Халал мен харам إِنَّ الْحَلاَلَ بَيِّنٌ وَإِنَّ الْحَرَامَ بَيِّنٌ وَبَيْنَهُمَا أُمُوْرٌ مُشْتَبِهَاتٌ لاَ يَعْلَمُهُنَّ كَثِيْرٌ مِنَ النَّاسِ، فَمَنِ اتَّقَى الشُّبُهَاتِ فَقَدْ اسْتَبْرَأَ لِدِيْنِهِ وَعِرْضِهِ، وَمَنْ وَقَعَ فِي الشُّبُهَاتِ وَقَعَ فِي الْحَرَامِ، كَالرَّاعِي يَرْعىَ حَوْلَ الْحِمَى يُوْشِكُ أَنْ يَرْتَعَ فِيْهِ، أَلاَ وَإِنَّ لِكُلِّ مَلِكٍ حِمًى أَلاَ وَإِنَّ حِمَى اللهِ مَحَارِمُهُ أَلاَ وَإِنَّ فِي الْجَسَدِ مُضْغَةً إِذَا صَلَحَتْ صَلَحَ الْجَسَدُ كُلُّهُ وَإِذَا فَسَدَتْ فَسَدَ الْجَسَدُ كُلُّهُ أَلاَ وَهِيَ الْقَلْبُ «Ақиқатында, халал белгілі жəне харам белгілі, ал олардың арасында адамдардың көпшілігі білмейтін шүбəлі нəрселер бар. Шүбəлі нəрседен сақтанған өз дінін жəне өз абыройын сақтау үшін одан арылады, ал шүбəмен айналысушы харамға да баратын болады. Өйткені ол əне-міне кіріп кеткелі тұрған қойларын қорық маңында бағып жүрген шопанға ұқсайды. Əр патшаның өз қорығы бар, пл Алла Тағаланың қорығы - адамдарға тыйым салғандары. Ақиқатында, адам денесінде бір кесек ет бар, ол жақсы болса, бүкіл дене жақсы болады, ол жаман болса, бүкіл дене жаман болады, шын мәнінде, ол - жүрек» 🔹 Хадисті Əбу Абдулла Нұғман ибн Бəшир (رَضِيَ اللهُ عَنْه) жеткізді. 📘 Бұхари; 📙 Муслим.

Теги других блогов: Ислам Хадис Халал Харам