Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.
«Ескерт! Өйткені ескерту мүміндерге пайда береді». (Зарият, 55)
✅ УАЙЫМДАМА, БҰЛ ӨМІР УАҚЫТША СЫНАҚ!
Алла сүйген құлдарының жалбарынған дауысын есту үшін оларға ауыр сынақтар жібереді деген хадис бар. Субханаллаһ, бұл тек уақытша ғана. Егер сіз бұған дұрыс жағынан қарасаңыз, онда бұл тіс дәрігері секілді. Бұл секунд ғана ауыратын болады, бірақ мұны сіздің игіліңіз үшін жасайды. Сондықтан сіз мұны жасауға рұқсат етесіз. Бұл рас па әлде жалған ба? Бұл бар болғаны секунд ауыратынын біз білеміз, ендеше жалғастыр! Бәрі бітті ме?
Бір нәрсе жасаған кезде сіз мұны өз балаңызға айтасыз, мысалы аяғына кірген тікенді шығаруға тырысқанда. Бұл бар болғаны секунд ғана, ал олар жылай береді, жылай береді. Бұл бітті! Бұл бітті! Сосын сіз оны құшағыңызға басасыз, және бәрі жақсы. Дәл сондай жағдай дүниеге де қатысты. Тек біздің бұл тісімізді ең көбі 70-80 жыл жұлады. Бірақ сіз мұны мәңгі өмірмен салыстырсаңыз, онда бәрі теңеседі. Сондықтан шағымдана беруді доғарыңыз, шын айтамын, артқа шалқайыңыз да бойыңызды еркін ұстаңыз.
Сіздер білесіздер ме, мен бұл жерді өзімнің баламмен қалай көргенімді. Сіздер де мұны жасай аласыздар. Баланы алыңыз! Мұны жасамаңыз. Мен бұған жауапты болғым келмейді. Біз Америкадамыз, сізге сотқа шағымдануы мүмкін. Егер сіз баланы алып оны жоғары лақтырсаңыз, оның үрейленген түрін көретін сәт болады. Ол әбден үрейленген жағдайға түседі. Ал бірақ ол сіздің қолыңызға қайта оралғанда, ол күле бастайды. Міне дүние деген осы. Сол үрейленген сәт бұл сіздің өміріңіз. Сіз Алладан келдіңіз және Оған қайтасыз. Сіз әбден үрейленген сәт бар. Бірақ бойыңызды еркін ұстаңыз, сіз сенімді қолдасыз.
Мароккалықтар айтады: «Санаңды еркін ұста да жүзуді үйрен». Алғаш рет жүзуді үйренгеніңіз есіңізде ме? Менің есімде, мен мұны ешқашан ұмытпаймын. Мен арқама жаттым, және сол адам маған денеңді толық еркін ұста деп айтты, мен қорықтым.
- Денеңді толығымен еркін ұста!
- Не айтып тұрсың, мен батып кетемін ғой.
- Жоқ сен батпайсың! Сен судың бетінде қалғитын боласың. Бойыңды еркін ұста!
Және алғашында бұл қорқынышты болды. Бірақ қалай өзіңді еркін ұстасаң, сен кенеттен судың бетінде қалғи бастайсың және бұл жақсы. Міне дүние деген осы. Сен дүние мұхитында өзіңді еркін ұстауға міндеттісің. Сіз батып кетпей, су бетінде қалғып жүзуге міндеттісіз. Ал адамдардың бәрі батып жатыр, себебі суға батып жатқан адам үрей жағдайында болады. Егер олар тыныштық жағдайында болғанда, олар батпаған болар еді. Бірақ үрей оларды суға батуға мәжбүрлеуде. Міне осы жағдай сырттағы адамдардың бәрінде болып жатыр, бұл үрей. Адам жаратылысы үнемі алаңдау/мазасыздану жағдайында. Қандай да бір қиындық бастарына келгенде, олар үрей жағдайына түседі. Ал оларға молшылық келгенде, олар мұны көтере алады. Ешкіммен бөліскілері келмейді. Бұл намазхандарға қатысты емес. Олар басқа жағдайда. Және бұл біздердің болғымыз келетін адамдардың қатарынан. Басқа жағдайдан босатылған адамдардың қатарынан. Себебі Аллаға деген осындай сенім сізді құтқарады!
© Шейх Хамза Юсуф
https://www.youtube.com/watch?v=MsO9fN0xGBk